Мектепке дайындық:

Бірінші сыныпқа дайындық курстары оқу жылы бойы өткізіледі. Болашақта бұл баланың бірінші сыныпта оқуын айтарлықтай жеңілдетеді.

2-11 сыныптарға қабылдау ережелері

Мектепке екіншіден он бірінші сыныпқа дейін оқушыларды қабылдау мынадай құжаттарды ұсынған жағдайда жүзеге асырылады:

  • Баланы мектепке қабылдау туралы өтініш және мектеппен келісім;
  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • Медициналық карта (№ 026-У нысаны);
  • Екпе картасы (063-У нысаны);
  • Ата-анасының тұрғылықты жерінен және жұмыс орнынан анықтамалар;
  • Түрлі-түсті фотосурет 3х4 - 4 дана.;
  • Бұрынғы оқыған мектепбінен алынған оқушының жеке ісі;
  • Мектеп мөрімен расталған барлық пәндер бойынша ағымдағы бағалардың үзіндісі (оқу жылы ішінде көшкен кезде).