Мақсаты: балаларда қоршаған әлемге, өнерге жағымды, шығармашылық көзқарасты
қалыптастыру. Өмірдегі әдемі дүниелерге адамгершілік және эстетикалық сезімталдықты
қалыптастыру. Қол дағдыларын, топтық жұмысты, ұйымшылдықты дамыту.
Кескіндеменің, графиканың, сызудың көркемдік мәнерлі құралдарымен таныстыру.
Композицияның қыр-сырын үйрету, көркем бейнені ашудың түрлі құралдарын көрсету. Айналадағы өмір тақырыптарына есте сақтау, қиялдау арқылы шығарма құра білу қабілеттерін дамыту.
Бізді қоршаған дүниені суретке етіп салуға, пәннің пропорциясы мен құрылымын жеткізуге үйрету.
Түрлі материалдармен және техникамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Балалардың зейінін, есте сақтауын, қиялын дамыту.
Бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, істі аяғына дейін жеткізе білуге, өзінің және өзгенің еңбегін мейіріммен бағалай білуге тәрбиелеу.
Негізгі мазмұн
«Сен және өнер» Бейнелеу өнерінің негізгі әдістерімен таныстыру.
«Көру өнері». Бала қоршаған әлемді көруге және бейнелеуге үйренеді.
«Айналамыздағы өнер». Суретшінің шығармашылық қызметімен таныстыру. Атақты суретшілердің картиналарына сараптама жасау.
«Әлемнің даналығы мен сұлулығы». Көркем жанрлармен (натюрморт, пейзаж, портрет, тұрмыстық, анималистік жанрлар, стилистика және т.б.) танысу.
Өнер синтезі – театр, кітап, жарнама, халықтық мерекелер. Өзін шығармашылықпен көрсетуге, білім, білік қорын пайдалануға мүмкіндік береді.
«Сиқырлы қолдар» Сәндік-қолданбалы өнер. Балаларға пішінді, көлемді және түсті сезінуге көмектеседі (пластилин, саз, картон, түрлі-түсті қағаз).
Ұжымдық жұмыстар - қабырға газеттері, декорациялар, рөлдік ойындар.