Мектеп жанжалы

Мектептердегі қақтығыстардың саны жыл сайын артып келеді, олардың ауқымы барған сайын ұлғайып келеді. Бұның себебі неде? Қоғамның ауыр әлеуметтік жағдайы, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, әлеуметтік жіктелудің тереңдеуі… Осы және олардан туындайтын мәселелер мектеп өмірінде айнадай көрінеді.

Қандай да бір қақтығыстар психологиялық жарақаттап, драмалық салдарға әкелуі мүмкін. Қақтығыс барысында тәртіптің төмендеуі, әлеуметтік-психологиялық климаттың нашарлауы, «жақсылар» мен «жаман­дар», «өздеріміз» бен «бөтендер», жеңілгендер мен жеңімпаздар туралы көзқарас қалыптасады. Қақтығыс аяқталғаннан кейін ынтымақтастық деңгейі төмендейді, сенімді қатынастарды қайта қалпына келтіру қиынға соғады, өзара құрмет қалпына келмейді.

Оқушылар арасындағы қақтығыстардың негізгі себептері – әдепсіздік, дөрекілік, қатыгездік, өкпе-реніш. Оқушылар арасындағы қақтығыстарды жою мүмкін бе? Олай болмас. Бірақ балаларды қақтығысты жағдайларды конструктивті түрде шешуге үйретуге болады. Мысалы, бастауыш мектепте көп нәрсе ата-аналар мен мұғалімге байланысты. Себебі, мұғалім барлық балаларды бақылап отырады, ол баланың құқықтарын бұзу белгілерін дереу тоқтатуы керек.

Егер нақты бір бала обидчик болса, ата-аналар жиі өздері «шешім қабылдауға» тырысады. Олар мұғалімнің әділетсіздігі туралы әкімшілікке шағымдануға барады, егер баласын сыныптастары кемсітсе, ата-аналар мектепке барып, обидчикке ұрсып, оны қорқытып немесе ата-аналарынан есеп алуды талап етеді.

Өкінішке орай, мұндай қадамдар көмектеспейді, керісінше баланы зиян келтіреді. Мұғалім шағымды білген соң, «бақытсыз» оқушыға деген жеккөрушілігі артады. Қинаушылар өздерін сақтықпен және айлакерлікпен әрекет етіп, бала қайта шағымданса, оны қорқытады. Обидчиктің ата-аналары да тыныш отыра алмайды. Кейде ата-аналар арасындағы қақтығыс өте ұсқынсыз көрініс алады, олар бір-біріне айқайлап, бала­лардың көзінше бірін-бірі қорлап ұрыс салады. Әрине, мұндай «қақтығыстарды шешу» үлгісі балалар үшін пайдалы болмайды. Сонымен қатар, ата-аналар балаларына осылайша көмек көрсеткендерімен, олар өз баласына қасірет әкелуде.

Барлық балалар ата-аналарына өз мәселелері туралы айта бермейді, ал бала үлкен болған сайын, ата-анасына бұл туралы шағымдану ықтималдығы азаяды. Баласының жағдайына қызығушылық таныту маңызды, бірақ оны тым қыспау керек. Егер бала ештеңе айтпайтын болса, оны бақылап, оның ішкі әлемін түсінуге тырысу керек.

Мынадай «симптомдар» бала сыныпта жаман сезінетінін, оны қабылдамайтынын немесе қақтығысқа қатысатынын көрсетуі мүмкін:

  • Бала мектепке баруға еріншектенеді және ол одан қашудың кез келген мүмкіндігіне қуанады;
  • Мектептен қайтқаннан кейін көңіл-күйі түсіп, жүдеп кетеді;
  • Кейде себепсіз жылайды;
  • Сыныптастарын жиі атамайды;
  • Мектеп өмірі туралы аз айтады;
  • Сабақтардың қандай болғанын білу үшін ешкімге қоңырау шалғысы келмейді немесе ол басқа біреуге қоңырау шала алмайды;
  • Кейде мектепке барудан бас тартады, бұл бәріне түсініксіз болып көрінеді;
  • Ол жалғыз: ешкім оны үйіне қонаққа шақырмайды, туған күндеріне шақырмайды және ол ешкімді өзіне қонаққа шақырғысы келмейді.

Ата-аналар қақтығыстарға қашан араласуы керек? Әрине, баланы бастапқы мектептен бастап, мектептегі барлық оқиғалармен бөлісуге үйрету маңызды. Отбасында «баланың ашық әңгімелері үшін жауапты» адам болуы керек. Егер бала қандай да бір мәселе туралы айтса, оны қақтығысты шешуге бағыттап, оның айтатын сөздерін, қылықтарын, мүмкін болатын реакцияларды талқылау керек. Бірақ ата-аналар бірінші қақтығыс кезінде араласпауы керек. Баланы шығу жолдарын іздеуге үйретіңіз, оны бағыттаңыз. Бірақ оны қайтадан проблемаларға тап болғаны үшін ұрыспаңыз, тек қақтығыс толық бақылаудан шығып кеткенде араласу керек.