18.01.2024
Fashion - Ағылшын тіліндегі сөздік
Мода индустриясында жұмыс істеу көбіне шетелге саяхаттап, халықаралық серіктестермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бұл ағылшын тіліндегі "модалық" сөздік немесе Карл Лагерфельд айтқандай fashion dictionary тек кәсіби мамандар мен ағылшын тілінде жазатын сән блогерлеріне ғана емес, сондай-ақ сән әлемін сүйетіндерге де пайдалы болмақ.
Этикалық мода (Ethical fashion)
Бұл сала "этикалық мода" деп те аталады. Көптеген брендтер табиғи аң терісінен бас тартып, табиғи таза өнімдерді пайдаланады, олардың өндірісі қоршаған ортаға және адамға зиян келтірмейді.
- high fashion – жоғары мода
- catalog shoot – каталог түсірілімі
- eco-fashion – сән индустриясындағы эко-бағыт
- commercial – жарнама, жарнамалық ролик
Шығармашылық процесс (Creative Process)
- The pattern sketch is dim. – Бұл үлгінің нобайы анық емес.
- tailoring – тігін ісі
- sketch – эскиз
- pattern/ paper pattern – пішім (выкройка)
- closing/ joining/ seaming – бөлшектерді тігу
- sewing machine/ seamer/ stitch machine – тігін машинасы
- style of finish – әрлеу түрі
- embroidery – кестелеу
- lace – шілтер
- fitting – өлшеу, киімді сынау
- accessory – аксессуар
- garment piece – киім бөлшегі
- fabric – мата
- trims/ trimming/ garment accessories – фурнитура
Коллекция презентациясы (Collection Presentation)
Мұнда жаңа топтаманың негізгі образдары ұсынылады. Түсірілім бірыңғай стильде орындалады.
- show/ runway show – сән көрсетілімі
- runway – подиум
- lookbook – дизайнерлердің портфолиосы
- must-have – жаңа топтаманың хиті
- buyer – байер (брендтерге тауар сатып алатын адам)
- guide line – коллекцияның лейтмотиві, негізгі образдар
- total look – толықтай бір стильдегі образ
- pret-a-porter – дайын киім топтамасы
- trade – модельдерге киім арқылы төленетін сән көрсетілімдеріндегі төлем түрі
Сән әлеміндегі адамдар (Fashion People)
- designer – модельер
- couturier – кутюрье, әйелдер киімін тігетін дизайнер
- model – модель
- make-up artist – визажист
- photographer/ fashion photographer – фотограф/ сән фотографы
- fashion blogger – сән блогері
- fashionista – сән әлемінің "дивасы"
Сізге шығармашылық шабыт және ағылшын тілінде жетістік тілейміз!