Балаларға үйрету керек қауіпсіздік ережелері

Балалар әр минут сайын түрлі қауіп-қатерге тап болуы мүмкін – көшедегі бейтаныс адамдар, интернеттегі қауіпті топтар. Кейде қауіп тіпті жақын адамдардан да келуі мүмкін. Сондықтан бала әр жағдайға дайын болуы тиіс: егер адасып қалса, кімге жүгіну керек? Қандай кезде ересектерді тыңдамауға болады? Әлеуметтік желілерде қалай қауіпсіздік сақтау керек? Осы сұрақтарға "Лиза Алерт" іздеу-құтқару тобының еріктілері жауап береді.

Бала білуі тиіс негізгі ережелер

  • Бейтаныс адамдардың кез келген ұсынысына "жоқ" деп айту керек. Бала өзін жайсыз сезінсе, үндемей кетіп қалуға немесе "Кешіріңіз, анам бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермейді" деуге болады. Бұл – оның құқығы, және ол өзін кінәлі сезінбеуі керек.
  • Ересек адам көмек сұрауы керек болса, ол басқа ересек адамға жүгінуі тиіс, балаға емес. Балаға ешқашан бейтаныс адамның өтінішін орындауға болмайды, тіпті ол бір нәрсе сұраса да.
  • Адамның сыртқы келбеті оның жақсы немесе жаман екенін білдірмейді. Сырттай сыпайы көрінген адамның да ниеті теріс болуы мүмкін.
  • Баланың барлық ересек адамдарды тыңдауы міндетті емес. Ол кімдерді тыңдауы керек, кімдерді тыңдамауға болады – осыны нақты түсіндіріңіз.
  • Егер бала адасып қалса, орнынан қозғалмай, көмек сұрау қажет. Кімнен сұрауға болады? Баласы бар адамнан, полицейден, күзетшіден, сатушыдан, кассирден немесе сол жердің қызметкерінен. Бірақ бейтаныс адаммен ешқайда кетуге болмайды.
  • Егер бала өзін жайсыз сезінсе немесе бір ересек адам оған қызық танытып, бірдеңеге мәжбүрлесе, дереу кетіп қалуы керек, көмек сұрауы тиіс.
  • Егер біреу балаға "Ешкімге айтпа" десе немесе қорқытса, бұл жағдайды ата-анасына міндетті түрде айту керек.
  • "Мен ешкімге ештеңе міндетті емеспін" – бала осыны түсінуі керек. Егер біреу бірдеңе сұраса, ол "Мен не үшін бұны жасауым керек?" деп ойлануы қажет.
  • Бала үйден шыққанда және қайтып келгенде ата-анасына хабарласып отыруы керек.

Интернеттегі қауіпсіздік ережелері

  • Балаға әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салмаңыз. Керісінше, бірге отырып, аккаунтын жасаңыз, интернеттегі қауіптерді түсіндіріңіз.
  • Ашық профильге жеке ақпараттар мен суреттерді салуға болмайды.
  • Бейтаныс адамдардың ұсыныстарынан сақ болу керек. Интернетте өздерін баланың құрдасы ретінде көрсететін үлкен адамдар да болуы мүмкін.
  • Бала қандай топтарға жазылғанын, қандай пабликтерді оқитынын бақылаңыз.

Ата-аналарға арналған қауіпсіздік ережелері

  • Баланың соңғы суреттерін жиі түсіріп отырыңыз. Бұл қажет болған жағдайда оны табуға көмектеседі.
  • Бала үйге кешігіп жатса, дереу мұғалімдеріне, достарына, таныстарына хабарласыңыз.
  • Егер бала "Мені күтіп алшы" десе, себеп сұрамай, барып күтіп алыңыз.
  • Мектеппен келісе отырып, баланың сабаққа келмегені туралы дереу хабар алатын жүйе жасаңыз.
  • Баланың телефоны өз атыңызға тіркелген болуы керек.
  • Смартфонға GPS-локатор орнатыңыз немесе ұялы оператордың орналасқан жерін анықтау қызметін қосыңыз.
  • Бала табылған кезде оны ұрыспаңыз. Оған алаңдағаныңызды түсіндіріңіз, бірақ қорқытып, жазалауға болмайды.